Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпарат таратуға қатысты деректер тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы жарияланымдардан кейін қала прокуратурасы «Orda» ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға ҚР «Масс-медиа туралы» заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірген.
Прокуратура ел заңдарын бұзуға жол берілмейтінін ескертіп, қасақана жалған ақпарат таратқан. Сол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын жеткізді.
Сонымен бірге азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сай 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.
Осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан заңнамасын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістікте, соның ішінде медиада, шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратпау қажеттігін тағы да еске салды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







