Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықтағы жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жоба аясында аумақ толық жаңартылып, кешенді жұмыс жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолына кеспе тас төселді, жиектастар орнатылды, асфальт жабыны салынды. Онымен қатар шағын сәулет нысандары қойылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылды, қоршаулар орнатылды.
Аумақты көркейту барысында жасыл желек санитарлық мақсатта ретке келтірілді. Суару жүйесі жүргізіліп, көгалдандыру аймақтары белгіленді, бұталар отырғызылды.
Қазір жаңарған кеңістік шағынаудан тұрғындарының күнделікті серуендеп, тынығатын сүйікті орнына айналып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







