Алматы қаласының ТЖД алдағы 8 желтоқсанда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті. Таулы аймақта қалың қар жауып, көктайғақ болады. Қаланың өзінде де тұман түсіп, сынап бағанасы төмендеп, жолда мұз қатуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
ТЖД мамандары қарапайым қала тұрғындарына жолға шығарда бағытыңызды ауа райына қарап жоспарлаңыз. Егер таңертең асығыс жұмысқа шығатын болсаңыз, уақытты ертерек қойып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты ұзартқан дұрыс. Қалада тұман болса, алысты көрмей қалу оңай, ал көктайғақта тежегіш те бірден ұстай бермейді.
Таудағы жағдай бөлек әңгіме. Қалың қар мен мұз араласса, жол жабылып қалуы да мүмкін, көлік тұрып қалуы да мүмкін. Сол үшін ТЖД «тауға шығуды кейінге қалдыра тұрыңыз» деп нақты айтып отыр. «Біз бір сағатқа ғана барып қайтамыз ғой» қауіпті елемеуге болмайды.
ТЖД мамандары автокөлікті ағаштың астына қоймауды да ескертті. Қалың қар ауырлап, бұтақ сынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ әлі толық бітпеген құрылыстың маңынан жүрмеуге де кеңес берді. Жел күшейсе немесе мұз қатса, жоғарыдан құлайтын заттың қаупі артады. Бұл көзге ұсақ көрінетін, бірақ салдары ауыр болатын жағдай.
Суық ауа райы тек далада емес, үй ішінде де қауіп тудырады. ТЖД мұржаның дұрыс әрі қауіпсіз жұмыс істеп тұрғанын қадағалауды сұрайды. Мұржа бітелсе немесе тартуы нашар болса, улы газдың қаупі көбейеді. Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз, бір розеткаға бірнеше жылытқышты қосып, «жылытып алайын» деу өртке апаратын ең қысқа жолдың бірі.
Қысқасы 8 желтоқсан күні сақтық бірінші орында тұруы керек. Жолда асықпай жүріңіз, тауда тәуекелге бармаңыз, үйде жылуды қауіпсіз жолмен қамтамасыз етіңіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

