Экономист Расул Рысмамбетов Қазақстандағы инвестиция мен іскерлік ахуалдың шынайы көрінісі туралы ой қозғады, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Қазақстандағы бизнес-климат пен инвестициялық ортаның деңгейін екі фактор нақты көрсетеді. Біріншісі, бизнесмендер өз активтерін қорғау үшін офшор арқылы өз еліне қайта инвестиция салады. Бұдан ел ішіндегі жағдайға сенбейтінін байқаймыз, – дейді экономист.
Оның айтуынша, екінші фактор қазақ элитасының басым бөлігі қаражатын шетелге шығарып, Дубайдан жылжымайтын мүлік сатып алуы, Кореяда емделуі, балаларының АҚШ пен Ұлыбританияда білім алуы.
– Біздің елдің ауқатты адамдары балаларын мектеп жасынан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне жібереді. Мұндай тенденцияны шектеу немесе оған тыйым салу нәтиже бермейді, тіпті, бұл дұрыс шешім де емес.
Оның орнына біз елден капитал мен адам ресурстарының кетуінің институционалдық себептерін анықтап, солармен жұмыс істеуіміз қажет. Бұл жөніндегі өз пікірімді алдағы уақытта жазамын, – деді Расул Рысмамбетов.
Ақшаны офшорға шығарған «Ескі Қазақстанның» атышулы іс қайта көтерілді. Біле жүріңіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

