Үкімет басшысы Олжас Бектенов халықаралық қаржы ұйымдарымен өткен жиында инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мәселелерін талқылады.
инвестиция
Ақтөбеде 60 млрд теңгеге шыны ыдыстар өндіретін жаңа зауыт салынады. Үкімет тиісті инвестициялық келісімді мақұлдады.
Шығыс Қазақстан облысында стратегиялық металдарды игеру мақсатында арнайы жобалық кеңсе мен ғылыми-техникалық орталық құрылды.
Энергетика министрлігі мен Dunga Operating компаниясы өнімді бөлу келісіміндегі дауды сотсыз шешіп, Қазақстанға қаржылық өтемақы төленетін болды.
Sofreh Capital басшысы Шервин Пишевар Қазақстанда компания кеңселерін ашып, елдің AI экономикасына инвестиция салуға ниетті екенін мәлімдеді.
Бостандық ауданында бизнес өкілдерінің қолдауымен 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 3 млрд теңгеден асты.
Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласы айтарлықтай өзгерістерді бастан өткеріп, Орталық Азияның басты экономикалық платформасына айналды.
Қонаев қаласында Қазақстан мен Дания бизнес-форумы өтіп, Боралдайда құны 344 миллион доллар болатын жаңа зауыт іске қосылды.
Alatau City логистика, өнеркәсіп және қалалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында германиялық ірі компаниялармен ынтымақтастық туралы алты меморандумға қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапары аясында Siemens басшылығымен кездесіп, өнеркәсіпті жаңғырту мен жаңа өндірістік қуаттар құру мәселелерін талқылады.










