Бүгінгі күннің энергиясы екіге бөлінеді біреулер үшін күш-қуат тасып, жаңа белестерге жол ашылса, енді бірі тыныштықты таңдап, бәрін тағдырдың ағысына тапсырады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бәріне бірден ұмтылудың орнына, нақты істі қолға алған жөн немесе барлығын бос жіберіп, тынығуға ден қою керек.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Тоқты бүгін таудан құлаған селдей күш-қуатқа толы болады. Бұл қуатты дұрыс бағытқа жұмсасаңыз, бір күнде өзгелердің бір айлық жұмысын атқара аласыз. Бірақ керісінше болса, бұл энергия өзіңізге зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан әр қадамыңызды ойластырып басыңыз.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Торпақ үшін бүгінгі күн – ештеңеге асықпайтын, жан тыныштығын сыйлайтын уақыт. Жағдайды өзгертем деп әуре болудың қажеті жоқ, бәрі өздігінен орнына келеді. Сабыр сақтағаныңыздың арқасында күн сәтті өтеді.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Бүгін Егіздер нағыз генерал сияқты әрекет етеді. Қасындағы адамдардың баяулығы мен жауапсыздығы жанына батуы мүмкін. Алайда өзіңіз де аса жылдамдық таныта қоймайсыз, сондықтан басқаларға қаталдық танытпауға тырысыңыз.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Шаяндар бүгін әлеуметтік мәртебе мен қаржы жағдайы туралы жиі ойға батуы ықтимал. Дегенмен байлық туралы ойлардан гөрі, жаңа адамдармен танысып, болашаққа пайдалы байланыс орнатуға қолайлы күн.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арыстанның бір күн бұрын бастаған шаруасы бүгін оңай әрі сәтті жүреді. Ал жаңа істі қолға алса, керісінше, қиындықтар туындауы мүмкін. Қарапайым жұмыстардың өзі ауыр тиетіндіктен, үй шаруасын минимумға түсірген дұрыс.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бикештер бүгін ерекше шабытқа кенеледі, алайда іс жүзінде бәрі ойдағыдай болмауы мүмкін. Жоспарларыңыздың іске асуы қиындық туғызатындықтан, белсенділік пен тыныштық арасында тепе-теңдік табыңыз.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразылар үшін бүгінгі күн – өзін-өзі ұстай білудің сынағы. Дәмді тағамдар мен тәттілерге қарсы тұру қиынға соғады, сондықтан артық тамақтанудан аулақ болыңыз. Бір рет дәм татсаңыз, тоқтай алмай қалуыңыз мүмкін.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Сарышаяндар үшін «бәрі немесе ештеңе» деген ұстаным басым. Егер тынығуды таңдасаңыз, күніңіз жайлы өтеді. Ал іске кіріссеңіз, күннің соңына дейін тыныштық көрмейсіз. Тепе-теңдікті сақтап, орнымен тыныққаныңыз жөн.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Мерген үшін тыныштық пен демалыс күні. Энергияны көп жұмсамай, күнделікті тірліктерден демалыңыз. Белсенділік танытамын десеңіз, ретсіздік пен хаос орын алуы ықтимал. Жан тыныштығын сақтаңыз.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Тауешкі бүгін үлкен идеямен оянады. Күні бойы осы идеяны ойлап, жоспар құрасыз, бірақ кешке дейін нақты шешім қабылдауыңыз екіталай. Алайда нәтиже шықса, ол өте маңызды әрі тиімді болады.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Бүгін Суқұйғыштың көңілі қанағаттанбай, күнделікті ұсақ-түйектерге көңілі толмауы мүмкін. Жақындарыңызға ашуланбауға тырысыңыз, себебі бұл еш нәтиже бермейді. Күніңізді сабырмен өткізгеніңіз дұрыс.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Балықтар бүгін айналасындағыларды белсенділікке шақырғысы келеді. Бірақ адамдарды шабыттандыру қиынға соғады, ал нәтиже де күткеніңіздей болмауы ықтимал. Сондықтан өз ісіңізбен айналысып, өзгелерді мазаламаған жөн.
Бүгінгі күннің басты қағидасы: «Әр нәрсенің өз орны бар: не нақты іске кіріс, не тынығып, жан дүниеңді ретке келтір».
Белгілі марафоншы «Нұрсұлтан шыңын» «Қаңтар шыңы» деп өзгертуді ұсынды. Сіз қалай ойлайсыз, материалмен танысып, ойыңызды қоса отырыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

