Tesla қожайыны Илон Маск толық автономды жүргізуге арналған FSD бағдарламасын 14 ақпаннан кейін тек ай сайынғы жазылым арқылы қолжетімді болатынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазіргі таңда Tesla электромобиль иелеріне FSD (Supervised) жүйесін АҚШ-та бір реттік 8 мың доллар төлеммен сатып алып келген еді. Енді FSD сервисіне айына 99 доллар тұратын жазылым арқылы пайдалануға мүмкіндік бермекші.
Алайда алдағы өзгеріске сәйкес, бір реттік сатып алу нұсқасы алынып тасталып, тек жазылым форматы қалады.
FSD жүргізушіге көмек көрсететін жүйе саналады. Ол толық автономды режимді білдірмейді және жүргізушінің үнемі назарын, қажет жағдайда араласуын талап етеді. Компания бұл шешім бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты жаңартып, сервисті икемді етуге бағытталғанын алға тартады.
Автоөнеркәсіптегі соңғы жаңалықтар мен үрдістерді қамтыған Reuters мәліметінше, Tesla бағдарламалық сервистерді жазылымға көшіру арқылы тұрақты табыс моделін күшейтуді көздеп отыр.
Электр көліктер саудасында көшбасшы саналатын Tesla компаниясының сатылым көрсеткіштері төмендеуіне гибрид көліктерге деген сұраныстың артуы себеп болған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

