Алдағы үш жылда теңге баяу, бірақ тұрақты түрде әлсіреп, 2028 жылға қарай доллар бағамы 580 теңгеге жетеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұлттық банк жүргізген макроэкономикалық сауалнамаға қатысқан сарапшылар осындай болжам айтып отыр.
Олар биыл доллар бағамы орташа есеппен 537 теңге шамасында болса, 2027 жылы 559,5 теңгеге дейін өседі дейді.
Қазіргі болжам былтырғыдан әлдеқайда оптимистік деңгейде. Мәселен, 2025 жылдың қарашасында сарапшылар 2026 жылғы доллар бағамын 548,2 теңге деңгейінде бағалаған болатын. Жаңа болжамның жақсаруы Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатына байланысты.
Қаржы сарапшылары базалық мөлшерлеме биыл да 16 пайыз деңгейінде сақталады деп күтеді.
Инфляция биыл 10,8 пайыз деңгейінде болжануда. Бұл бұрынғы бағалаудан (10 пайыз) жоғары, дегенмен былтырғы көрсеткіштен (12,3 пайыз) төмен.
Экономикалық өсім қарқыны биыл былтырғыдан баяулайды. Егер 2025 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскен болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 4,8 пайызға, ал 2027 жылы 4,4 пайызға төмендейді деп күтілуде.
Brent маркалы мұнайдың бағасы да сәл арзандайды. Сарапшылар барреліне орта есеппен 62,5 доллар болады деген болжам айтып отыр, бұрын бұл көрсеткіш 63,8 доллар деп белгіленген еді. Ал сыртқы сауда көлемі бойынша экспорт биыл 88 миллиард долларға жетсе, импорт көлемі 77 миллиард доллар деңгейінде болады деп болжануда.
Сүлейменов не дейді?
Бұған дейін бас банкир Тимур Сүлейменов кейінгі уақытта доллар сұранысы артқанымен, теңгенің не себепті нығайып жатқанын түсіндірген еді.
Бұған бірінші кезекті базалық мөлшерлерменің өскені (18%) себеп болған. Әлгі шешім теңгемен көрсетілген қаржы құралдарын шетелдік инвесторлар үшін тартымды еткен.
Ұлттық банк басшысы келесі жылы теңгенің күрт құнсыздану қаупі жоқ екенін де атап өткен болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

