Қазақстанның ірі қалаларында доллар бағамы 513-518 теңге аралығында сатылып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
18 қаңтардағы жағдай бойынша, елорданың валюта айырбастау орындарында бір доллар 511 теңгеден сатып алынып, 518 теңгеге сатылып жатыр.
Алматыда долларды сатып алу құны – 513 теңге, сату бағасы – 514,5 теңге. Ал Шымкентте америкалық валюта 511 теңгеден қабылданып, 513 теңгеге ұсынылуда.
Еуро бағамы да қалаларда әртүрлі. Астана айырбастау орындарында еуроны сатып алу – 591 теңге, сату – 601 теңге. Алматыда бұл көрсеткіш – 595/597 теңге болса, Шымкентте еуроны 593 теңгеден сатып алып, 597 теңгеге саудалап жатыр.
Ресей рублінің бағамы тұрақсыз: Астанада рубльді қабылдау – 6,4 теңге, сату – 6,7 теңге аралығында. Алматыда бағам 6,48/6,52 теңге, ал Шымкентте 6,48/6,53 теңге болып бекітілген.
Ұлттық банк демалыс күндеріне арналған ресми бағамды бекітті: доллар – 512,16 теңге, еуро – 543,72 теңге, рубль – 6,57 теңге.
Бұған дейін біз бас банкир Тимур Сүлейменовтың қауіпті стратегиясы туралы егжей-тегжейлі жазған едік. «Қазақстан экономикасы қысқа мерзімді әрі қауіпті шетелдік капиталдың қақпанына түсті», — дейді сарапшылар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

