Алдағы үш күнде еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болып, аяз бен көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада қаңтардың 26-сы күні қар жауып, боран соғады. Түнде 20-22 градус суық болса, күндіз ауа температурасы -13-15 градус шамасында сақталады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады.
Қаңтардың 27-сі күні де елордада қар мен бұрқасын жалғасады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 15-17 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен еседі.
Ал 28 қаңтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ аяздың беті қайтпай, күндіз 17-19 градус, түнде тіпті 24-26 градус суық болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.
Алматыда алдағы екі күнде жауын-шашын жоқ. Бірақ түнгі уақытта қалың тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. 26 қаңтарда түнде ауа температурасы -5-7 градус болса, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін жылынып, жел жылдамдығы секундына 2-7 метрге жетеді.
27 қаңтар күні тұман қайта қоюланып, көктайғақ сақталады. Түнде 5-7 градус аяз күтілсе, күндіз ауа температурасы +1+3 градусқа дейін көтеріледі.
Ал қаңтардың 28-і күні Алматыға қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -3-5 градус, күндіз 0+2 градус аралығында. Жолдарда тағы да көктайғақ болады.
Шымкент ше?
Шымкенттіктерді де жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы күтуде. Қаңтардың 26-сы күні түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел секундына 7-12 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз +3+5 градус шамасында болады.
27 қаңтарда да жауын-шашын жалғасып, тұман түсіп, көктайғақ сақталады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Температура түнде 0,-2 градус, күндіз +1+3 градусқа дейін жылиды.
28 қаңтарда Шымкентте қар аралас жаңбыр тоқтамайды. Тұман мен көктайғақ жалғасып, желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Тәулік бойы ауа температурасы 0-ден -2 градус аралығында болмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

