Қазақтың көрнекті актері, Қазақстанның халық әртісі, марқұм Асанәлі Әшімовтің отбасына тағы бір ауыр қайғыға тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жақында ғана асыл жарынан айырылып, жүрегі қан жылап отырған Бағдат Әшімова тағы бір қайғылы хабарды жеткізді.
Бұл жолы актердің марқұм ұлы Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан келіні өмірден өтті.
– Қайғымызды әлі ұмыта алмай, жанымыз жаралы күйде отырған шаңырағымызға тағы бір ауыр қаза келді. Сағидан қалған екі құлыншағымыздың анасы, Селимхан келініміз өмірден озды. Немерелерім Ансарым мен Майрамды қалай жұбатарымды білмеймін.
Оларға өмір жалғасатынын түсіндірудің өзі де қиын болып тұр. Алла енді ешкімді жылатпасын… Келініміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болғай, – деп Бағдат Әшімова көңіліндегі ауыр мұңын жеткізді.
Бұл қаралы хабарды естіген жұртшылық Әшімовтер әулетіне көңіл айтып, қайғыларына ортақтасып жатыр.
Енді шағын бизнестің тынысы ашылатын болды. Үкімет салық берешегі бар кәсіпкерлерге өсімпұл мен айыппұлды кешіру, тексерісті уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

