Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық демалысынан тағы да ерекше жылы сәттермен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл жолы өнер иесі Мальдив аралдарының жағалауында, күйеуі Райымбек Бақтыгереевпен (Raim) және балаларымен бірге түскен суреттерін жариялады. Әншінің әлемжеліге жүктеген фотосуреттерімен оқырмандардың ықыласына бөленді.
– Армандарымның басым бөлігі орындалды. Екі ұлымды құшағыма басып тұрмын. Шынайы азаматқа айналған Мүслімім жүрегімдегі асыл қазынам. Басқа да армандарымның орындалуы үшін сенің амандығыңды тілеймін, жаным. Баршаңызға да балаларыңызбен теңіздің ақ құмында бірге жүріп, шаттыққа толы сәттерді көруді жазсын, – деді Ерке жазбасында.
Әншінің жариялаған суреттеріне оқырмандар ерекше жылы пікірлер қалдырды. «Қандай көріктісіздер!», «Алла тағала балаларыңыздың жетістігі мен қуанышына куә етсін!», «Керемет отбасы!» деген ізгі ниеттер желіде толассыз жазылып жатыр.
Айтпақшы, әлемжеліде танымал әнші Маржан Арапбаева отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болды деген ақпарат желдей есіп жүр. Өнер иесінің күйеуі әншіні аяусыз соққыға жыққан көрінеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

