Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ерлан Рахымжанұлы Өтегенов прокуратура саласында 1997 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары және Алматы қаласының прокуратураларында түрлі басшылық қызметтерде болған тәжірибелі маман.
Ол Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының орынбасары, Ақмола облысының Целиноград және Егіндікөл аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының басшысы болды.
2019 жылдың маусымында Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалса, 2022 жылдың мамырынан бастап елорданың прокуроры қызметін атқарып келді.
Ерлан Өтегенов Қазақ мемлекеттік заң университетінің түлегі, алты баланың әкесі.
Еске сала кетсек, Қазақстанның Бас прокуроры қызметін 2022 жылдың наурызынан бері Берік Асылов атқарып келеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

