Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару әлеуметтік желіде өзіне күтім жасау мен гаджетке тәуелділік туралы ой қозғап, философиялық жазба жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Айарудың сөзінше, өзіңді жақсы көру дегеніміз – денсаулығыңа мән беріп, дұрыс тамақтанып, таза әрі ұқыпты жүру.
– Денсаулығыма мән беруді айтсам, анам күлетін шығар. Себебі ол менің бұл мәселеде немқұрайлы екенімді үнемі ескертіп отырады. Өзіңнің уақытыңды құрметтеу – күн тәртібін сақтау, телефонға тәуелді болып, тәулік бойы одан көз алмай отырмау. Әрине, менің бұл тұста жұмыс істейтін тұстарым бар. Өміріңді босқа өткізбеу маңызды, – дейді Айару.
Дегенмен, блогер бұл қағидаларды ұстанудың кейде қиынға соғатынын да жасырмайды. Ол телефонға деген тәуелділігін ұнатпайтынын, бірақ одан мүлдем бас тарта алмай жүргенін мойындайды.
– Әрдайым бір нәрсені гуглдап отырамын, чат GPT-дан сұраймын, YouTube арқылы пайдалы нәрсе тыңдаймын. Кітап оқуға отыра қалып, телефонымды басқа бөлмеге тастаймын. Бірақ кітапқа қатысты миллион сұрақ туындайды, жауабын табу үшін телефонға қайта жүгінемін. Instagram-ды ашып қалсам, кітапты бір сағатқа ұмытамын. Осындай жағдайда қандай кеңес бересіздер? Instagram деген әрі дос, әрі дұшпан сияқты, – деп жазды Айару.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева өмірінде кездескен басты қиындықтар мен сәттіліктері туралы ашық сұхбат берген еді.
Эмоцияңызды еркін жіберудің арты күтпеген жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан жұлдыздар бүгін сезімдеріңізді сабырға жеңдіріп, байыпты болуға шақырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

