Астрологтар 10 ақпанға арналған жұлдыз жорамалды жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Бүгін асығыстық танытпаған дұрыс. Сабыр сақтап, жолыңызда кездескен пайдалы әрі сенімді мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысыңыз.
Торпақ
Бұл күн сізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Күніңіз қалжыңға толы, әрі бастысы – күлкі сізге бағытталмайды.
Егіздер
Өзіңізді әлем қожайыны ретінде сезінуге негіз бар. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, айналаңыздағы кейбір келеңсіздіктерді реттеп алуға тырысыңыз.
Шаян
Өзіңізге деген сенімсіздігіңізді айналаңыздағы адамдарға сездірмеуге тырысыңыз. Жүзіңізден сенімділік байқалуы керек, сонда ешкім шынайы сезіміңізді аңғармайды.
Арыстан
Жеңіл әрі жағымды күн болғалы тұр. Бүгін жұмыстан бастап, жақындарыңызбен қарым-қатынасқа дейін – барлығы қуаныш әкеледі.
Бикеш
Бүгін әдеттегіден сезімтал болуыңыз мүмкін. Барлық іске тым терең бойлап кетпей, сырттан бақылаушының рөлін атқарсаңыз жеткілікті.
Таразы
Бұл күннің сәттілігі таңертеңгі бастамаларыңызға байланысты. Асығыстық танытпаңыз, әйтпесе істің бәрін құрдымға жіберіп алуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Күнделікті тіршілік пен жайлы өмірге әбден үйреніп қалған боларсыз. Дегенмен, өзгеріс енгізгіңіз келсе, бүгіннен қалдырмаған жөн. Бүгінгі күн өзгерістер үшін өте қолайлы.
Мерген
Бүгін сізге достарыңыздың қолдауы аса қажет. Оларсыз күнді еңсеру қиынға соғуы мүмкін. Аштықтан бастап, ғаламдық мұңға дейін түрлі жағымсыз сезімдер мазалауы ықтимал.
Тауешкі
Өзіңізді шектеу арқылы қателік жіберуіңіз мүмкін. Белсенділігіңізді тар шеңберге қысып тастамаңыз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз бен қиялыңыз бұл шектеуге сыймайды.
Суқұйғыш
Дайын болсаңыз да, болмасаңыз да, бүгін сіздің мансабыңызда жаңа кезең басталады. Өзіңізге сенімді болыңыз, кем дегенде солай көрінуге тырысыңыз.
Балықтар
Бүгінгі күн бойы оптимизмге толы боласыз. Барлық ісіңіз оңай әрі еш қиындықсыз орындалады. Алайда кейбір адамдар сіздің осындай жеңілдігіңізге қызғанышпен қарауы мүмкін. Осыған байланысты ыңғайсыз жағдайлар туындауы ықтимал.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

