Белгілі әнші Әміре меценат әрі кәсіпкер Кеңес Рақышевтан су жаңа көліктің кілтін сыйға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Бүгін күтпеген жерден жаңа көліктің иесі болдым. Кеңес ағамыз өнер жолымды үнемі бақылап, халықаралық байқаулардағы өнеріме қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл мен үшін тосын сый әрі үлкен құрмет болды. Ағама шын жүректен алғысымды айтамын, – деді Әміре.
Бұған дейін сайтымызда Кеңес Рақышевтың әнші Мейрамбек Бесбаевқа да жылы лебіз білдіргенін жазған едік.
Еліміз үлкен саяси өзгерістер алдында тұрғанда, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлердің белсенділігі артатыны түсінікті. Дегенмен Кеңес Рақышев бұған дейін де қайырымдылық істерімен халықтың алғысын алған, үнемі жомарттығымен танылған азамат.
Осындай іс-әрекеттері арқылы кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екенін байқауға болады. Ал Әміре секілді дарынды жастардың өнерін қолдау ел ертеңіне салынған маңызды инвестиция.
Әйгілі «Үркер» тобының жетекшісі әрі әншісі Айдос Сағат қазақтан шыққан атақты меценат Медау Пұсырманов нағашы атасы екенін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

