Депутат Самат Нұртаза қазақ тіліне қатысты «кедейлердің, сіңірлердің, официанттар мен тәшкі итерушілердің тілі» деген сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әлемжеліде қызу талқыға түскен мәлімдемесін депутат «эмоциямен айтылған ащы пікір еді» деп ақталуда. Айтуынша, әлгі 2019-2020 жылдары тілге қатысты пікірталас кезінде жазылған.
Сол тұста депутат емес, жай ғана белсенді блогер болғанын алға тартқан Нұртаза, мұндай мысалды тұқырту емес, керісінше тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жазғанын жеткізді.
«Шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді. Зиянды, теріс ниетім болған жоқ. Өз басымнан өткен нақты жағдай негізінде жазылған пікір болатын. Осы сөзіммен біреудің ар-намысына тиіп кетсем, ресми түрде кешірім сұраймын. Мақсат ортақ, ол ма, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», – деді депутат.
Айта кетелік, осының алдында Ата заңның тың нұсқасындағы тіл туралы бап қазақтілді қауымның тарапынан қызу талқыға түскен еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

