Әнші Қарақат қызымен бірге сахна төрінде хореограф Меруерт Жараспаеваны құттықтап, жұрттың ықыласына бөленді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жарық шамдар астында қатар тұрған ана мен қыздың бейнесі залдағы жұрттың жүрегін елжіретті. Бір кездері «өзімнен аумай қалған қызым болса» деп армандаған ана үшін бұл күн көптен күткен ақ тілекке айналды. Қарақаттың қызының келбеті әкесіне көбірек тартқанымен, жан дүниесі анасының әлеміне жақын екені байқалады.
Сахнадағы сенімді қимыл, көздегі жылу, өнерге деген құрмет бәрі де тәрбиенің терең тамырынан бастау алғандай әсер қалдырды.
– Қызымен бірдей киініп, бірге жүруді талай рет қиялдадым. Бірақ дәл осылай сахнаға қатар шығамыз деп ойламаған едім. Өнер тек мамандық не әуес емес, ол әкенің қанымен, ананың сүтімен даритын қасиет. Сол қасиет уақыт өте келе өз жолын табады, – деді әнші.
Анасының ақ арманын орындап, жүрек қалауын жүзеге асыру үлкен бақыт. Ата-анаға қуаныш сыйлау әр баланың ішкі миссиясы. Сахнадағы осы көрініс көпшілікке тек әдемі кадр емес, ұрпақ сабақтастығы мен мейірімнің шынайы көрінісі ретінде әсер етті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

