Математикадан қиналатын балалардың негізгі проблемасы сандарды түсіну ғана емес, қателіктерге дұрыс реакция көрсету дағдыларының жеткіліксіздігінен болуы мүмкін. Мұны Стэнфорд университетінің ғалымдары жаңа зерттеу барысында анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мамандар жүргізген тәжірибеде балаларға екі санның қайсысы үлкен екенін немесе екі топтың қайсысында нүктелер көбірек екенін анықтау тапсырылды. Ғалымдар балалардың жауаптарының дұрыстығымен қатар, олардың қателескеннен кейін стратегиясын өзгертетінін немесе өзгертпейтінін де мұқият бақылаған.
Зерттеу нәтижелері The Journal of Neuroscience журналында жарияланды.
Тәжірибе барысында математикадан қиналатын балалар қателіктен кейін де өз шешім қабылдау тәсілдерін өзгертпейтіні байқалды. Бұған қоса, ми жұмысын бақылау кезінде осы балалардың мінез-құлықты басқару және жағдайға бейімделу қабілетіне жауап беретін ми бөліктерінің белсенділігі төмен екені анықталған.
– Бұл ерекшелік тек сандарды игеруге ғана қатысты емес. Мұндай жағдай баланың оқу үдерісінде тапсырмаларды орындауын қадағалап, мінез-құлқын жаңа жағдайларға бейімдеу сияқты жалпы когнитивті процестермен тығыз байланысты болуы мүмкін, – дейді зерттеу жетекшісі Хесанг Чанг.
Tesla компаниясы бейсенбі күні екі моторлы, толық жетекті жаңа Cybertruck бағасын $59,990 деп белгіледі. Жаңа модель ең қолжетімді нұсқа.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

