Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты еліміздің Сыртқы істері отандастарымызға Тегеранға баруды уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Ирандағы жағдайың тұрақсыздығына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған елге сапарын кейінге қалдыруға кеңес береміз. Қазір Иран аумағында жүрген азаматтарымыздан елден шығып кетуді, сақтық шараларын қатаң ұстанып, жергілікті биліктің нұсқаулықтарына мұқият болуды сұраймыз», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар СІМ өкілдері қазақстандықтарды Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлауда барынша мұқият болуға шақырып, жағдайдың кез келген уақытта күрт нашарлап кетуі мүмкін екенін ескертті.
Иранда не болып жатыр? Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық өкілдіктері қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ ведомство Ирандағы Қазақстан азаматтары мен олардың елдегі туыстарына жедел байланыс арналары ашылғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, 20 ақпанда Уашиңтондағы бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында АҚШ Дональд Трамп алдағы 10 күнде «әлем Иранның тағдырын білетін болады» деп мәлімдеген еді. Кейінірек ол кеңесшілеріне Иран ядролық бағдарламасынан бас тартпаған жағдайда оған қуатты соққы жасауға дайын екенін айтқан.
Израиль де Иранмен ықтимал соғысқа дайындалып жатқанын жариялады. Тел-Авивтің пайымынша, АҚШ Иранға соққы берсе, Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына шабуыл жасайды. Кремль? Ресей Сыртқы істері АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы ядролық апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертіп жатыр.
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):
- +98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
- +98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
- Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй
- (83 Hedayat Street, Darrous, Tehran).
- Электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com
Ал Қытайда президент Си өзіне қарсы келуі мүмкін шенділер мен әскери басшыларды жаппай жұмыстан қууда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







