Испания премьер-министрі Педро Санчес Иранға қарсы кез келген әскери әрекетті заңсыз әрі өрескел қателік деп атады және мұндай қадамның зардабы ауыр болатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Испания үкіметі әскери базаларын Иранға қарсы бағытталған операциялар үшін пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Қақтығысты одан әрі ушықтыру ешкімге жақсылық әкелмейді», – деп мәлімдеді Санчес.
Оның айтуынша, Иранға қарсы соғыс халықаралық құқықты ашық бұзу және әлемдегі тұрақтылықты сақтаудың басты шарты халықаралық тәртіпке қауіп төндіреді.
«Біздің ұстанымымыз тек бейбітшілік. Соғыс арқылы мәселе шешілмейді. Сондықтан Испания еуропалық серіктестерімен және аймақтағы елдермен бірлесіп, дипломатиялық арналарды қайта ашу үшін жұмыс істеп жатыр», – деп түсіндірді ол.
Премьер-министр Испанияның басты мақсаты аймақтағы шиеленісті бәсеңдетіп, кез келген қарулы жанжалдың алдын алу екенін ерекше атап өтті.
Иранда не болып жатыр? Бұған дейн біз президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгенін жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






