Көздің саулығын сақтау үшін дұрыс тамақтанумен қатар, үнемі көзге арналған жаттығуларды жасап тұру өте маңызды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Әсіресе компьютермен жұмыс арасында үзіліс жасап, осы қарапайым жаттығуларды орындап тұрған жөн.
Көзге арналған 6 жаттығу:
Көзіңізді қатты жұмып, содан кейін кең ашыңыз – 4-5 рет қайталаңыз;
Шамамен 10 секунд бойы жиі-жиі көзіңізді жыпылықтатыңыз;
Тік алдыңызға қарап, содан кейін мұрныңыздың ұшына қараңыз – 4-5 рет қайталаңыз;
Басыңызды бұрмай, алдымен жоғарыға, оң жаққа, төменге, сол жаққа қараңыз – 4-5 рет қайталаңыз. Содан соң керісінше бағытта айналдырыңыз;
Алысқа қараңыз, содан кейін көзіңізді жақын орналасқан затқа аударыңыз – 4-5 рет қайталаңыз;
Көзіңізді жұмып, 2 минут тынығыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







