Әлемдік аренада Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова жеке өмірінде де үлкен жаңалықпен бөлісті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Спортшы өзінің Instagram парақшасында неке жүзігін көрсетіп, үлкен қызыл раушан гүлдерінен жасалған сәнді букетпен суретін жариялады.
«Мен келісім бердім», – деп жазды Абиба.
Әбиба Әбужақынова – Қазақстан дзюдосының жарқын жұлдызы. Бұған дейін ол 2022 жылы Ташкентте, 2024 жылы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионаттарында қола жүлдені жеңіп алған болатын. Сондай-ақ оның қоржынында Азия чемпионатының екі күміс жүлдесі бар. 2025 жылдың қараша айында Әбу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде де қола медаль еншіледі.
Еске салсақ, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Әбиба жүлделі орын ала алмағанымен, елде спортшыға бірнеше автокөлік сыйға тартылған болатын.
Сондай-ақ қазақстандық жанкүйерлер Әбибаны Париж Олимпиадасындағы ең көрікті спортшылардың қатарына қосқан еді. Жақында Халықаралық дзюдо федерациясы Әбиба Абужақынованы жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік дзюдошысы деп таныған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







