Жұлдыздар жаңа күннің тосын сыйларына дайын болуға кеңес береді. Осы бейсенбіде сізді не күтіп тұрғанын жұлдыз жорамалдан біліңіз, деп жазады Ertenmedia.kz.
ТОҚТЫ
Бұл бейсенбіде Тоқтыларға позитивті адамдармен көбірек араласқан дұрыс. Олар көңіліңізді көтеріп қана қоймай, қызықты идеяларымен де бөліседі.
ТОРПАҚ
Басқа адамдардың мәселелеріне бас қатырмай, өз өміріңізге назар аударыңыз.
ЕГІЗДЕР
Оқиғалар толқынында адаспауға отбасыңыз көмектеседі. Жақындарыңызға уақыт бөліңіз, олар сізге қамқорлықпен жауап береді.
ШАЯН
Бейсенбі күні Шаяндардың бойында қуат пен күш тасиды. Осы энергия кешкі уақытта сіз үшін маңызды оқиға болған кезде өте қажет болады.
АРЫСТАН
Бұл күнгі шаруаларыңызды жақсы көңіл-күймен еңсересіз. Еңсеңізді түсірмеңіз, бәрін сәтті аяқтайсыз!
БИКЕШ
Бикештерге адамдардың ортасында жүру маңызды. Олар сізді қиындықтардан қорғап, қолдау көрсетеді.
ТАРАЗЫ
Таразылар бұл бейсенбіде ерекше қайратты әрі табанды болады. Шағын ұжым немесе отбасы аясында да керемет жетістіктерге жетуге мүмкіндік бар.
САРЫШАЯН
Жұмыстағы қиындықтар бүгін Сарышаяндардың көңіл-күйін бұза алмайды. Олар айналасына жылулық пен шуақ шашады.
МЕРГЕН
Жарнама саласымен айналысатын Мергендерге бүгін сәттілік серік болады. Идеялар басыңызда жүздеп туындайды – жазып алып жүріңіз.
ТАУЕШКІ
Тауешкілер адамдарды таңғалдырып, өзіне баурай алатын ерекше күн басталды. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштар бұл бейсенбіде теңдессіз болады. Ішкі тартымдылығыңыз басшылардың назарына ілігіп, табысты жобаға қатысуға жол ашады.
БАЛЫҚТАР
Күн бүгін тек Балықтар үшін ғана жарқырап тұрғандай. Аспанды бұлт басса да, сіздің көңіліңізге еш әсер етпейді.
Қазақстанда ақ нан дастарханның негізгі бөлігі. Көп адам күн сайын ақ нан тұтынады. Бірақ дәрігерлер мен сарапшылар оның пайдасы мен зияны адамның өмір салты мен денсаулығына тікелей байланысты екенін айтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







