«Қазгидромет» 28 наурыз күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлап, дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада қалың тұман түседі деп күтілуде.
Атырау облысының оңтүстік және батыс аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығыс бөлігінде жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні солтүстікте, батыста және таулы аймақтарда 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Ақтөбе облысында да жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жел шығыстан соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Ақмола облысының солтүстік және шығыс аудандарында тұман күтілуде.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 25 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, тұман басады. Облыс орталығында шаңды дауыл болады, жел жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстік пен шығыста жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, батыс және оңтүстік аудандарында тұман болады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болып, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік және шығыс аудандарында тұман болжанды.
Ұлытау облысының батыс, солтүстік және орталық аймақтарында жел күшейеді. Жел екпіні 15-20 м/с, солтүстік аудандарда күндіз 23 м/с дейін жетеді.
Синоптиктер тұрғындарды алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







