Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев бір аптадан бері табылмай жатыр. Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Журналистің айтуынша, Баирдан жеті күннен бері еш хабар жоқ. Ол бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, көпшіліктен көмек сұраған. Жазира Бегалының сөзінше, Баир Сиқымбаев дауысы бөлек, өнерімен елге танылған Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Қазір оның қайда жүргені белгісіз.
Журналист жазбасында Баирдың жұбайы да ақпарат таратуға қолдау сұрағанын жеткізді. Осыған байланысты ол оқырмандарына үндеу жасап, суреттегі азаматты көрген жағдайда хабар беруге шақырды. Оның жазуынша, дәл осындай сәтте жұрт болып жұмылып, іздеуге атсалысу маңызды.
Жазира Бегалы бұл жағдайдың өзін де қатты толқытқанын жасырмады. Ол марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның көзі тірісінде әлеуметтік желіде пікір жазып, байланыста болғанын еске алды. Сонымен қатар журналист 27 наурыз күні жұртшылықтың өнер иесін туған күнімен құттықтап жатқанын көріп, көп адамның әншінің екі жыл бұрын өмірден өткенін әлі де білмей жүргенін аңғарғанын жеткізді.
Осы жазбада журналист Баир Сиқымбаевтың аман-есен үйіне оралуын тілеп, көпшілікті ақпаратты кеңінен таратуға үндеді. Қазір бұл жағдайға алаңдаушылық күшейіп отыр. Жақындары мен таныстары елден көмек күтіп отыр.
Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі жазбасында журналист Жанар Байсейітоваға қатты сын айтты. Оның сынына себеп болған дүние – әйел тағдырын жеңіл сөздің, арзан әңгіменің, рейтинг қуған контенттің деңгейіне түсіріп жіберген сұхбат себепші болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







