Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдікті Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада сараптамадан өтіп жатыр. Тергеу амалдары бір айдың ішінде аяқталып, сотқа жолданады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір тергеу белсенді жүріп жатыр. Күдікті Ақтаста барлық қажетті процедуралар мен сараптамалардан өтуде. Сараптама нәтижелерін алу үшін шамамен бір ай уақыт керек.
«Нұрайдың қазасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті Ақтас ауылында, оған қатысты барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Шамамен бір айдан соң сараптама қорытындылары дайын болып, іс сотқа беріледі. Бұл мәселеде ешқандай күмән болмауы тиіс», – деді Бауыржан Әленов.
Қажетті сараптамалар аяқталған соң қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







