Қазір көпқабатты үйлерде де, жеке үйлерде де таза ауа мәселесі өзекті болып отыр. Әсіресе қыс мезгілінде бөлме ауасын тазарту үшін терезені ашсақ, үй іші тез суып кетеді. Ал жабық күйде қалдырсақ, ауа сапасы төмендеп, адамға жайсыздық тудырады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Осы екі жағдайды бірдей шешу үшін қазіргі заманғы құрылыс саласында жаңа технология – жылуды сақтайтын желдету жүйесі қолданыла бастады.
Бұл қандай жүйе?
Жүйенің атауы децентрализованная вентиляция с рекуперацией тепла. Қазақша айтқанда, бөлмені желдету кезінде жылуды қайта пайдаланатын шағын желдету аппараты. Ол үйдің қабырғасына орнатылады және күрделі желдету жүйелерін, үлкен құбырларды қажет етпейді.
Жұмыс істеу әдісі өте қарапайым әрі тиімді. Құрылғы ішіндегі арнайы керамикалық элемент (жылуалмастырғыш) арқылы іштен шыққан жылы ауаның жылуын сақтап, кейін сырттан кіретін салқын ауаға береді. Осылайша, бөлме суымай, әрі үнемі таза ауамен қамтамасыз етіледі.
Құрылғының негізгі бөлшектері:
Ішкі желдеткіш (диффузор) – бөлме ішіне таза ауаны біркелкі таратады.
Сыртқы ауа қабылдағыш (қақпақ) – жаңбыр, қар, шаң-тозаңның құрылғыға түсуіне жол бермейді.
Телескоптық құбыр – қабырға ішіне орнатылып, құрылғы компоненттерін қорғайды.
Керамикалық жылуалмастырғыш – ішкі және сыртқы ауаның арасында жылу алмасуын қамтамасыз етеді.
Шағын желдеткіш мотор – ауаны кезек-кезек ішке және сыртқа шығарады.
Электр жүйесі – бүкіл аппараттың жұмысын басқарады.
Бұл желдету жүйесінің артықшылықтары қандай?
Энергия үнемдейді: бөлмеге салқын ауа кіргізу үшін қосымша энергия кетпейді, жылу өздігінен сақталады.
Таза ауа: үнемі жаңарып тұратын ауа бөлменің ішкі микроклиматын жақсартады, шаң, ылғал және зиянды бактерияларды азайтады.
Жеңіл орнату: күрделі жөндеу жұмыстарын талап етпейді, кез келген қабырғаға тез орнатылады.
Үнемділік: ғимаратта қосымша жылу жүйелерін пайдалану азайып, коммуналдық шығындарды төмендетеді.
Қай жерлерде қолдануға болады?
Бұл жүйе жаңа пәтерлер мен жеке үйлерде, кеңселерде, балабақша мен мектеп сыныптарында кеңінен қолданылып келеді. Әсіресе аллергиямен ауыратын адамдар үшін өте қолайлы, себебі сырттағы шаң мен тозаңның үйге енуіне жол бермейді.
Қорыта айтқанда, қабырға арқылы орнатылатын бұл жаңа желдету аппараты – үйдегі ауа сапасын жақсартудың әрі жылуды сақтаудың тиімді, қарапайым және заманауи әдісі. Болашақта мұндай құрылғылар құрылыс стандарттарының міндетті элементіне айналуы мүмкін.
Айтқандай заңгерлер Қазақстанда көлік жүргізушілерінің телефон пайдалануына қатысты заң нормалары ескіргенін айтты. Бұл ереженің нақты болмауы жемқорлық тәуекелдерін арттырып, құқық қорғау органдарының заңды өз бетінше түсіндіруіне мүмкіндік береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







