10 сәуірге арналған жұлдыз жорамал күннің басты тақырыбы ретінде шынайылықты, ашықтықты және жоспарларды қайта бағалауды көрсетіп отыр. Бүгінгі күн – эмоциялар мен қарым-қатынастарға ерекше көңіл бөлетін уақыт. Өзгерістерге ашық болыңыз, жаңа ойлар мен адамдар күтпеген мүмкіндіктерге жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Жоспарлардағы кідірістер мен бөгелістер ашуыңызды келтіруі мүмкін, әсіресе олар басқа адамдарға тәуелді болса. Бір жобаңыз тоқтап қалғандай сезілсе де, оны аз да болса алға жылжытуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ өзіңіздің де бір істі кешеуілдетіп жатқан жоқсыз ба – соны тексеріңіз. Әзірге басқа бір тапсырмаға күш салғаныңыз дұрысырақ болады.
Торпақ
Айтуға жүрегіңіз дауаламай жүрген ойларыңызды бүгін ашық жеткізген жөн. Шындық бәрібір сыртқа шығады. Уақытты созып жүрген немесе ортақ істі тежеп отырған адамдарды ақтап алуды доғарыңыз. Әрине, олардың да өз мәселелері бар шығар. Бірақ өз мақсаттарыңызды ұмытпаңыз – өз жолыңызбен жүре беріңіз.
Егіздер
Мақсатты анық көріп тұрсыз, бірақ тым бір бағытта ғана қатып қалмаңыз. Жоспар жақсы, бірақ жаңа таныстық пен пікір алмасудың пайдасы одан да зор болуы мүмкін. Бүгін қызықты адаммен танысып, тіпті достық қарым-қатынас орнатуыңыз ықтимал. Әріптестеріңізбен сөйлесуге уақыт табыңыз.
Шаян
Ең тәуелсіз адамдардың өзіне кейде серік қажет. Бүгін жалғыз жұмыс істеудің тиімділігі шамалы. Қасыңыздағы адамға назар аударыңыз. Егер мүмкіндік болса, жұмыс кездесуін кейінге шегеріп, жақындарыңызбен бірге болыңыз. Жаңа танысыңызға көңіл бөліп, байланысыңызды нығайтыңыз.
Арыстан
Жомарттығыңызға ешкімнің күмәні жоқ. Бірақ бүгін өзіңізді тым қатты шаршатпаңыз. Міндетті түрде үлкен көмек жасаудың қажеті жоқ. Досыңызбен бірге жаттығуға бару немесе шағын көмек көрсету жеткілікті. Өз жағдайыңыз туралы да ұмытпаңыз. Егер қолдау керек болса, оны қабылдауға қысылмаңыз.
Бикеш
Сіздің еңбегіңіз лайықты бағаланып жатыр – оған күмәнданбаңыз. Жетістігіңізге қуанып, кішігірім мерекелеуге де болады. Бірақ өзіңізге ғана көңіл бөліп кетпеңіз. Бүгін басқаларға қалай көмектесе алатыныңызды ойлаңыз. Жетістіктеріңізбен бөлісуден қысылмаңыз.
Таразы
Ішкі күйзелісті сезінсеңіз, аздап тоқтап, өзіңізге құлақ салыңыз. Қазір эмоцияларыңызға назар аудару маңызды. Таңертеңгі жаттығу немесе жақын адамыңызбен бірге тыныш отырып, шай ішудің өзі жаныңызға тыныштық сыйлайды. Барлық мәселені бір сәтте шешуге тырыспаңыз, алдымен ішіңіздегіні сыртқа шығарыңыз.
Сарышаян
Шешім қабылдамас бұрын тағы бір мәрте ойланып алыңыз. Басқа нұсқаларды да қарастыру артық етпейді. Сіз әдетте жауапкершілікті сезінесіз, сол себепті ұзақ мерзімге жоспар құруға дағдыланғансыз. Дегенмен дәл қазір кішігірім үзіліс жасап, барлық сұраққа жауап тапқаныңызға көз жеткізіңіз.
Мерген
Қаржыңызды қайта қарап шығатын кез келді. Артық шығындарға назар аударыңыз. Дегенмен мәселе тек үнемдеуде емес. Егер шығындарды қысқартқыңыз келмесе, табысты көбейтудің жолын қарастырыңыз. Сирек пайдаланатын заттарыңызды сатып немесе қызмет бағасын аздап көтеруіңізге болады.
Тауешкі
Бүгін бастаманы өз қолыңызға алып, сенімді түрде әрекет етіңіз. Қысым жасамай-ақ көшбасшылық қабілетіңізді көрсете аласыз. Әр қадамыңызды нақты жоспарлап, оны ашық түрде жүзеге асырыңыз. Сіздің айқын әрі іскерлік ұстанымыңыз басқалардың уақытын да, күшін де үнемдейді.
Суқұйғыш
Айналаңыздағы адамдардың тек жақсы қасиеттерін көруге тырысасыз. Бірақ бұл сізді көңілсіздікке ұшыратуы мүмкін, себебі адамдардың кемшіліктері де бар. Біреу мерзімді кешіктіріп немесе бір нәрсені ұмытып кетсе, оған түсіністікпен қараңыз. Бұл – қарым-қатынасты күрт өзгертудің себебі емес.
Балықтар
Сізге дәл қазір жылулық, жақындармен бірге болу және достық сезімі маңызды. Дегенмен араласатын ортаңызды мұқият таңдаңыз. Әдетте көңіл-күйді түсіретін адамдар болса, бүгін оларды шақырудың қажеті жоқ. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын адамдармен ғана кездесіңіз.
Ұлттық қорға мұнай-газ компанияларынан наурыз айында түскен қаражат көлемі 83 млрд теңгені немесе 175,6 млн долларды құрады. Бұл қор құрылған 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







