Журналист Ербол Мәндібек әйгілі әнші Энрике Иглесиастың Қазақстанда өтетін концертіне қатысты алаңдаушылық білдіріп, ерекше дабыл қағып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәндібектің алаңдауы орынды. Әлемдік жұлдыз Энрике Иглесиас биыл жазда қазақ еліне концерт қоюға келеді. Әншінің концерті керемет шоу болары анық. Бірақ осы концерттің бір құйтырқы тұсы бар.
Ербол Мәндібектің айтуынша, Энрикенің дәстүрі бойынша әр концертінде көрермендер арасынан бір қыз таңдап алып, сахна төріне шығарады екен. Содан кейін әнші көпшіліктің көзінше сол қызға кенеше жабысып, ашық сүйіседі екен. Осылайша ол барған елдерінің «дәмін татып көреді-мыс».
Бұл ерекше «дәстүр» қазақ жерінде қайталана ма? Қазақ қыздары мұндай әрекетке келісім бере ме? Журналистің пікірінше, бұл сұрақтың басы әзірге ашық. Дегенмен қазақстандық ұйымдастырушылар қазір бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатса керек.
«Қазақстан тарапы Энрикенің бұл әрекетіне жол бермеуі әбден мүмкін. Өз басым ұйымдастырушылар рұқсат бермейді деп үміттенемін», – деп жазады Ербол Мәндібек.
Қалай болғанда да, концерт алдындағы бұл мәселе жұрттың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Қазақ елінде мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. Энрике Иглесиас сахнаға шығып, сүйісу дәстүрін сақтай ма, жоқ па – бұл сұрақ қазір қоғам назарында. Ендеше күтейік, көрейік!
Айтқандай, белгілі әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге тосын сый жасап, жаңа көлік алып беріпті. Әдет болса осындай әдет болсын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







