Продюсер Арман Дәулетияров жұбайы Мавжуданың туған күніне орай әсерлі жазба жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Арман Дәулетияровтың жазуынша, бүгін оның отбасы үшін ерекше күн. Себебі дәл осы күні өміріндегі ең жақын әрі ең маңызды адамдарының біріне айналған сүйікті жары Мавжуда дүниеге келген.
Продюсер жұбайының өзіне бес бала сыйлағанын айтып, осы үшін оған өмір бойы алғыс білдіретінін жазды. Оның айтуынша, Мавжуда отбасына жылулық, мейірім мен береке әкеліп, әр адам қайта оралғысы келетін үйдің шырайын қалыптастырған.
Арман Дәулетияров жыл өткен сайын шаңырақтың берекесі мен отбасындағы тыныштық көбіне әйелдің сабырына, жүрегінің кеңдігіне және күнделікті еңбегіне байланысты екенін тереңірек түсініп келе жатқанын жеткізді.
Оның ойынша, үйдің атмосферасы, балалардың тәрбиесі, жақындардың көңіл күйі сырт көзге байқала бермейтін үлкен еңбекпен қалыптасады.
Ол отбасылық өмірде қуанышты сәттер де, қиын кезеңдер де болғанын жасырмады. Кейде пікір қайшылығы туып, келіспейтін тұстар кездескен. Дегенмен барлық жағдайда бір-біріне деген құрмет, сүйіспеншілік және отбасын сақтауға деген ниет өзгермей қалғанын айтты.
Продюсер жұбайының көпшілік назарын ұната бермейтінін де атап өтті. Соған қарамастан, осы сөздердің жазылып қалуын қалаған. Әсіресе балалары үшін. Арман Дәулетияровтың айтуынша, өмірде тек жетістікке жету маңызды емес, отбасыңды сүю, жаныңдағы адамды бағалау және өміріңді жақсы жаққа өзгертетін жандарға алғыс айтуды ұмытпау да аса қажет.
Жазба соңында ол Мавжудаға сабыры, даналығы, отбасыға сыйлаған жылуы мен махаббаты үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, жылдар өткен сайын бұл махаббат тереңдеп, жанындағы адамның бар болуы жүрекке ерекше тыныштық сыйлайды.
Айтқандай, Қайрат Нұртас пен Лобода арасындағы ықтимал дуэт туралы әңгіме қазақ шоу-бизнесіндегі ескі комплексті қайта қоздырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







