Орталық Африкада Эбола вирусына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық пандемия қаупі төмен екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
ДДСҰ мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы індетке байланысты ұлттық және өңірлік деңгейдегі қауіп жоғары бағаланып отыр. Алайда вирустың әлемге кең таралу қаупі төмен. Сондықтан ұйым әзірге пандемия қаупін жариялауға негіз жоқ екенін айтты.
ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, Конго мен басқа елдерде Эбола жұқтыруы мүмкін 600-ге жуық жағдай тіркелген. 139 адам қайтыс болғаны хабарланды. Бірнеше ондаған жағдай зертханалық тұрғыдан расталған, ал нақты жұқтырғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Мамандардың пікірінше, індет бірнеше ай бұрын басталған болуы ықтимал. Қазір басты міндет – жұқтыру тізбегін үзу, күдікті және расталған науқастарды оқшаулап, дер кезінде медициналық көмек көрсету. Эбола ауа арқылы немесе кездейсоқ байланыс кезінде таралмайды. Вирус адамға қан және өзге де биологиялық сұйықтықпен тікелей жанасқанда жұғады.
ДДСҰ сапарларға шектеу енгізуге әзірге негіз жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен Конгоға көршілес елдер, әсіресе Уганда мен Оңтүстік Судан жоғары қауіп аймағында тұр. Ұйым бұл мемлекеттерге жаңа жағдайларды тез анықтап, емдеу және бақылау шараларын күшейтуге кеңес беріп отыр.
Қазіргі өршу Эболаның сирек кездесетін «Бундибугйо» штамымен байланысты. Бұл нұсқаға қарсы дайын вакцина да, нақты арнайы ем де жоқ. Қолда бар вакциналар мен емдеу тәсілдері бұрынғы штамдарға арналған. ДДСҰ осы штамға қарсы вакцинаны әзірлеу кемінде 6-9 айға созылуы мүмкін екенін ескертті.
Эбола өлім-жітімі жоғары қауіпті инфекция. Науқастарда қызба, бұлшықет ауыруы, әлсіздік, диарея, қан кету және ағза қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Бұған дейінгі індеттер кезінде өлім көрсеткіші жағдайға қарай 25 пайыздан 90 пайызға дейін жеткен.
Осыған қарамастан, ДДСҰ жағдайды бақылауға болады деп отыр. Негізгі шарт – ерте анықтау, оқшаулау, байланыста болған адамдарды бақылау және жергілікті денсаулық сақтау жүйесіне жедел қолдау көрсету.
Қазақстанда 2025/2026 оқу жылы мәресіне жетті. Биыл еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы мектеппен қоштасып жатыр. Олардың 31 мыңнан астамы 9-сыныпты үздік аяқтаса, 11-сынып түлектерінің арасынан 18 мыңға жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







