Қарағанды медициналық университетіне осы оқу орнының негізін қалаған көрнекті ғалым Петр Поспеловтің есімі беріледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы медицина саласы қайраткерлерінің есімін жоғары оқу орындарына беру жөніндегі бастаманы қолдау барысында айтты.
– Астана медицина университеті цифрлық денсаулық сақтау мен биомедицина бағытында айтарлықтай табыстарға жетті. Сондықтан Үкімет бұл университетке Ұлттық университет мәртебесін беруді ұсынып отыр. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Сонымен бірге университетке Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ғалым Төрегелді Шармановтың есімін беру орынды болар еді, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қарағанды медициналық университетін осы білім ордасының негізін қалаған әрі ұзақ жылдар басқарған Петр Моисеевич Поспеловтің есімімен атау туралы Үкімет пен медициналық қоғамдастықтың бастамасын қолдайтынын жеткізді.
«Белгілі Қарағанды медицина мектебінің негізін қалаған тұлғаның 125 жылдығы қарсаңында осындай шешімнің қабылдануы – тарихи әділеттілік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







