24 қыркүйекке қараған түні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатыры опырылғаннан кейін, ғимаратты «ҚазҚСҒЗИ» АҚ тексереді және содан кейін сарайды қалпына келтіруге бола ма, жоқ па – сонысы белгілі болады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ғимараттан жарықтар анықталды
Шатыр опырылғаннан кейін жекелеген жабын плиталарынан жарықтар табылды.
ҚазҰУ-дың хабарлауынша, бөлшектеу жұмыстарын қайта жаңғыртудың бас мердігері саналатын «Exclusive Construction» ЖШС жүргізген.
Бас мердігердің жауапкершілігі
Құрылыс-монтаждау жұмыстары бас мердігердің өз қаражаты есебінен орындалуда. Шатырды бөлшектеу екі ай бойы кезең-кезеңімен жүргізілді.
«2026 жылғы 21 қыркүйекте мамандар шатыр конструкцияларының деформациясын тіркеді, осыған байланысты бөлшектеу жұмыстарын жеделдету туралы шешім қабылданды», – деп толықтырды жоғары оқу орнындағылар.
ҚазҰУ-да бөлшектеу жұмыстары «шатырдың көтергіш металл элементтерін кесу арқылы» жүзеге асырылғанын нақтылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







