Өзбекстанға белгілі америкалық блогер Mr.Beast келді. Оның елге келуді жоспарлап отырғаны туралы жаңалық сапардың өзіне дейін бірнеше күн бұрын өзбекстандық БАҚ-та жарияланған болатын, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Нәтижесінде блогердің Самарқандта жазылушыларымен кездесуінде адамдардың көп жиналғаны соншалық, қаланы парализдей жаздады. Кейбір жанкүйерлер өз кумирінің келуін 4 сағаттан астам уақыт күтті.
Мемлекеттік үйлестіру мен қоғам реакциясы
Айта кетерлігі, блогердің сапарын Өзбекстанның Туризм комитеті үйлестірген, сондықтан іс-шараның ұйымдастырылуы аса сәтті болмады. Егер мұндай кептеліс стихиялық шарада орын алса бір жөн, бірақ бұл жағдайда шараны елдің мемлекеттік аппараты өткізіп отырған болып шығады. Дегенмен, мемлекеттік аппараттың өзі мұндай дүрлігуді күтпеген болуы да мүмкін.
Басты сұрақ бұл жерде ұйымдастыруға емес, ел азаматтарының идеологиялық бағдарларына қатысты туындайды. Неліктен блогердің келуі туралы барлық жаңалықта оның нағыз америкалық екеніне осыншалықты басымдық беріледі? Өзбекстанда өздерінің ұлы мәдениеті, тарихы, ең бастысы тәуелсіздігі мен төлтумалығы туралы айтуды өте жақсы көреді.
Ал мұнда нағыз америкалықтың келуі сондай дүрлігу туғызып, сапардың өзін Туризм комитеті үйлестіріп, көшеде адамдар бірін-бірі таптап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







