Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдегі электр желілерін жаңғырту қарқынының баяулығын сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі инфрақұрылым жүктемені көтере алмайды, ал электр энергиясының шығыны 20%-ға жетеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл мәлімдемелер түріктің EKSIM Holding өкілдерімен кездесуде жасалды. Аталған компания Өзбекстанның Бұхара облысындағы электр желілерін жаңғыртуға тапсырыс алып, кейін оны басқарғысы келеді.
Бұл әзірге тек Бұхара облысында ғана. Жоба сәтті жүзеге асса, түрік холдингі елдің қалған өңірлеріне де қуана көшетіні анық байқалады.
Өзбекстан билігінің ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық мәні бар электр желілерін шетелдік компанияның басқаруына беруге дайын болу фактісінің өзі көптеген сұрақ тудырады.
Түрік билігімен күдікті байланыстар
Дегенмен, біз бекер қауіптеніп отырмыз ба, әлде Ташкент шынымен адал бизнес-серіктеспен келіссөз жүргізіп жатыр ма? EKSIM Holding компаниясының адалдығы мен бейтараптығына қатысты күмән көп.
Мәселе мынада, түрік компаниясының басшысы Эбубекир Тивникли Түркияның билеуші топтарымен өте тығыз байланыста. 2013 жылы Тивниклидің үйлену тойына сол кездегі Түркия президенті Абдуллах Гюль, Режеп Тайып Ердоған, сондай-ақ бірқатар министрлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысқан болатын.
Сондай-ақ дәл осы Түркияның бірінші тұлғалары 2018 жылы Эбубекирдің әкесі Абдуллах Тивниклиді жерлеу рәсіміне де келген. Айта кетейік, Абдуллах Тивникли Түркияның билеуші «Әділет және даму» партиясына үлкен ықпал еткен тұлға ретінде белгілі.
Геосаяси қысым құралы
EKSIM Holding – түрік саяси мүдделерін экономика арқылы жүзеге асыратын тікелей құрал. Компанияның міндеті – Түркияның мүддесі бар елдердің электр желілері секторын бақылауға алу. Бұл кейін жергілікті үкіметтерге қысым көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта холдинг көбінесе Грузия мен Украина аумағында белсенді жұмыс істеп жатыр. Біріншісінде Анкараның өзіндік саяси мүдделері болса, екіншісінде Түркия Еуропалық одаққа белсенді қолдау көрсетуде.
Осы орайда Шавкат Мирзиёев халықтың әл-ауқатына да, мемлекеттің тұрақтылығына да тікелей әсер ететін тұтас бір стратегиялық саланы мұндай топтарға беруден неге қаймықпайды деген заңды сұрақ туындайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







