Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елдің азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар аясында Сауд Арабиясында жүрген отандастарымызды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген ҚР азаматтарына сақтық шараларын күшейтуді және жергілікті билік орындарының нұсқауларын орындауды ұсынады», – делінген хабарламада.
СІМ ұсыныстары
Қазақстандықтарға аса қажеттілік болмаса әуежайларға бармауға, әуекомпаниялардан рейстердің мәртебесін алдын ала нақтылауға, адамдар көп жиналатын орындар мен қаупі жоғары нысандардан аулақ болуға кеңес берілді. Ведомство сондай-ақ мүмкіндігінше шұғыл емес сапарларды кейінге қалдыруға шақырды.
Шұғыл байланыс нөмірлері
Төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтарға Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе республиканың Жиддадағы бас консулдығына хабарласу ұсынылды.
Жедел байланыс үшін консулдардың мына телефон нөмірлері көрсетілген: Эр-Риядта — +966 55 663 01 77, Жиддада — +966 53 275 80 80.
СІМ ведомствоның және жергілікті құзыретті органдардың ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







