Дон тау-кен байыту комбинатының шахтасында қайғылы оқиға болды. Жұмыс барысында тау жынысының опырылуы салдарынан 2002 жылғы жас үңгуші үйінді астында қалып, оны құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқыс оқиғаның мән-жайы
«Қазхром» компаниясының мәліметінше, жазатайым оқиға 20 қазанда орын алған. Жұмысшы шахта ішінде қорғаныс бекіткішін орнатып жатқан сәтте кенеттен тау жынысы құлап түскен.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға дереу хабарланды. Қазіргі уақытта мамандар қайғылы жағдайдың себептері мен нақты мән-жайын анықтап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







