Елімізде Ақтау теңіз порты арқылы мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдаудың ірі схемасы әшкереленді. ҰҚК мәліметінше, төрт жыл ішінде ұйымдасқан топ қатысушылары шетелге 160 мың тоннадан астам өнім шығарған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Заңсыз экспорт қалай жүзеге асырылды?
Тергеу анықтағандай, Маңғыстау облысының кәсіпкері шикі мұнайды өндіруші компаниялардан сатып алып, оны Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарына жіберіп отырған.
Өңдеуден кейін өнімге жалған сапа төлқұжаттары рәсімделген. Кейін мұнай өнімдері пеш отыны кейпінде танкерлерге тиеліп, шетелге жөнелтілген.
С 2019 по 2023 год только через компанию Batys Nefte Trade незаконно экспортировали продукцию примерно на 45 млрд тенге.
Сот үкімі және тәркіленген мүлік
Іс бойынша айыпталушылардан мұнай өңдеу зауыттары, танкер және басқа да мүліктер тәркіленді. Сонымен қатар мемлекет пайдасына заңсыз түскен кірістер мен төленбеген салықтар есебінен 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
Топтың бес қатысушысы, соның ішінде зауыттар мен сауда компаниясының басшылары сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысы әлі табылған жоқ, оған халықаралық іздеу жарияланды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







