Ресей телеарналары соңғы 40 жылда алғаш рет Олимпиада ойындарын теледидардан көрсетпейді. Бұл жөнінде спорттық басылымдар жазды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz «Азаттыққа» сілтеп.
Sports.ru мәліметінше, «Бірінші» және «Россия-1» телеарналары саяси себеппен Олимпиада ойындарын көрсетуден бас тартқан.
«Комсомольская правда» жазуынша, телеарналар Ресейдің бірнеше спортшысы ғана бейтарап статуста қатысатын Олимпиада ойындарын көрсетуді «ақылға қонымды» шешім деп санамайды.
«Жарыс трансляциясына құқықты сатып алу бойынша келіссөзді «Матч ТВ» және VK холдингі жүргізген. Алайда сәуір айында Ресейде Олимпиада ойындарын көрсету құқығына ие «Телеспорт» компаниясының жетекшісі Петр Макарено алаяқтық бойынша ұсталған. Бұған қоса, ақпарат құралдарының жазуынша, Олимпиадаға қатысуға рұқсат алған бірқатар ресейлік спортшылардың ойынға бармайтыны белгілі болғаннан кейін қымбат келісім жасаудан мән қалмаған», — деп жазылған мәліметте.
Осылайша»Матч ТВ» де, VK холдингі де 26 маусымда басталатын Олимпиаданы көрсету құқығын сатып алмаған. Okko және Wink стриминг сервистері де трансляция бойынша келісім жасамаған.
Ресей бұған дейін 1984 жылы СССР ойынға бойкот жариялаған кезде Олимпиада ойындарын көрсетпеген.