ҚАЖК танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты жайтқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
2023 жылғы 9 қазанда әскери сот Нұрасыл Болатқа айыппұл тағайындады. Іс апелляциялық сотта және Жоғарғы сотта қаралғаннан кейін 14 мамырда үкім 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу болып өзгерді.
«Сотталған адамды есепке қою үшін тұрғылықты мекен-жайын қоса алғанда, барлық қажет құжат ұсынылуы керек. Ұйымдастыру жағынан кемшіліктер болғанын мойындаймыз, бұл пробация үкімі кешігуіне әкеп соқты. Үкім 14 тамызда Алматы қаласының ҚАЖД-не келіп түсті. Сол күні Нұрасыл Болат Медеу ауданының пробация қызметінің есебіне қойылып, сот белгілеген шектеулермен танысты.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗҚазақстанның ҰБТ нәтижесі Малайзия университеттері мойындайдыҒылым ордасы және ЮНЕСКО: мәдени мұраны сақтау бойынша халықаралық кездесу өттіЛу Бань шеберханасы ашылды: ЕҰУ техникалық білім мен жасанды интеллект бағытын күшейттіҚазір бұл жағдай мұқият қаралып жатыр. Қызметтік тексеріс басталды және нәтижелері бойынша барлық жауапты тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылады», — деп жазылған хабарламада.
Кеше заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сот үкімін орындамай жүргенін айтты. Оның сөзінше, Нұрасыл Болат тиісті міндеттерді елемей жүр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







