Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Жарқын Жұмаділов тағайындалды.
Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі.
2008-2015 жылдары – «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы, «Ұлт TIMES» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы.
2015-2016 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы, Қоғамдық саясат институты Ақпараттық мониторинг қызметінің жетекшісі.
2016-2019 жылдары – БҚО әкімінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі және Аппарат басшысының орынбасары. 2019-2020 жылдары – «Elorda Aqparat» ЖШС директоры.
2021-2023 жылдары – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы;
2023 жылы (мамыр-қыркүйек) – Абай облысы әкімінің кеңесшісі, 2023 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде сектор меңгерушісі лауазымын атқарды.