Қазақстанның 16 облысында 13 қаңтарға дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде қар жауып, бұрқасын болып, көктайғақ күтілуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Абай облысында түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні түнде 23 м/с жетеді. Семейде түнде және таңертең боран, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз -20-25 градусқа дейін жетеді. 14-15 қаңтар күндері аяз -30-35, солтүстігі мен шығысында -38 градусқа дейін күшейеді. Петропавлда ауа температурасы -22-24 градусқа дейін төмендейді.
Қазгидромет ескертеді
Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Атырауда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болып, жел екпіні 15-18 м/с болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батыс бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды облысында қар, боран, көктайғақ болып, жел екпіні түнде және таңертең 23 м/с жетеді. Қарағандыда аздаған қар жауып, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік және шығыс аймақтарда қардың мөлшері артады. Желдің күші кей жерлерде 23 м/с жетеді. Өскеменде түнде боран соғып, жолдар көктайғақ болады.
Ұлытау облысында тұман түседі. Желдің күші күннің екінші жартысында 15-20 м/с күшейеді. Жезқазғанда тұман түседі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтілуде. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз желдің күші 15 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Қызылордада күн ішінде тұман сақталады.
Түркістан облысында тұман түседі. Әсіресе, таулы аудандарда сақ болу қажет. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы түнде және күндіз 15-20 м/с күшейеді. Павлодарда түнде боран болып, жолдар көктайғақ болады.
Жамбыл облысында таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Таразда тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығысында боран, батыс және орталығында тұман түседі. Жел жылдамдығы кей жерлерде 23 м/с жетеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында аяз күшейіп, түнде ауа температурасы -18-23 градусқа төмендейді. Боран соғып, жолдарда тұман болуы мүмкін. Көкшетауда аяз -18-20 градусқа жетіп, 14-15 қаңтарда -33-35 градусқа дейін төмендейді.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында тұман болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтілуде.
Алматы облысының батыс бөлігінде күндіз жел 18 м/с күшейеді. Қонаевта желдің күші күндіз 18 м/с жетеді.
«Қазгидромет» мамандары тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болуға шақырады.
Астрологтардың атуынша, 13 желтоқсан жаңа мүмкіндіктер мен табысқа толы күн болады екен. Күніңіз сәтті өтсін!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

