Абай облысында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұрттың алаңдаушылығын туғызды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Желіге шыққан кадрларда шетелдік азаматқа қатысты дөрекі әрі орынсыз әрекеттердің жасалғаны байқалады. Бұл көрініс қоғам тарапынан сынға ұшырап, қызу талқыланып жатыр.
Оқиғаға қатысты Абай облысының Полиция департаменті шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеріс басталғанын хабарлады. Қазір құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап, заңға сай шаралар қабылдауда.
Бұл оқиға желіге жүктелген кез келген материалдың қоғам алдында үлкен жауапкершілігі бар екенін тағы бір мәрте еске салды. Әлеуметтік желіде жарияланған әрбір әрекеттің құқықтық салдары болатынын мамандар үнемі ескертіп келеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!