Қазақстанда ел аузында «әдемі нөмір» деп аталып кеткен VIP нөмірлердің бағасы жаңа жылдан бастап тағы қымбаттады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бағаның өсуіне айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін көтерілуі себеп болып отыр. Осылайша, ерекше сұраныстағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің құны шамамен 10 пайызға артты.
Жаңа тариф бойынша бірдей әріптермен немесе 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 цифрларымен үйлесетін ең қолжетімді VIP нөмірлердің бағасы 57 АЕК, яғни 246 525 теңге.
Дәл осы комбинациялар әріптері де бірдей болса, 114 АЕК немесе 493 050 теңгеге сатылмақ.
Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900 және 999 секілді ерекше комбинациялардың бағасы 137 АЕК-ке (592 525 теңгеге) жетті. Осындай сандарға бірдей әріп қосылса, баға 194 АЕК (839 050 теңге) болады.
001-009 және 777 нөмірлері одан да жоғары бағаланып, 228 АЕК, яғни 986 100 теңгеге сатылуда.
Ең қымбат саналатын әріптері бірдей 001-009 және 777 нөмірлерінің бағасы енді 285 АЕК-ті құрап отыр. Бұл 1 232 625 теңге.
Бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістерге шолу жасаған едік.

