Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бойынша іс қаралды. Сотта Қуандық Бишімбаевты қорғаған танымал адвокат Назкен Құсайынова бұл жолы Нұрасыл Болаттың мүддесін қорғады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Qaz365.kz-ке сілтеп.
Сот отырысы барысында Назкен Құсайынова Нұрасыл Болатқа қатысты сот процесін БАҚ-тың қатысуынсыз жабық режимде өткізуді өтінген.
– Ешқашан пробациялық бақылауға ұшырамаған жас жігіттің психикасына қатты қысым жасалды. Бұл білезікті үнемі ажырату, инспекторлармен үнемі байланыста болу — бес ай бойы менің қорғаушым Медеу ауданының пробация қызметінің үлкен қысымына ұшырады. Бұл Нұрасылға көрсетілген адам төзгісіз қысым. Менің ойымша, бас бостандығынан айыру оны түзетуде оң әсер береді деп ойламаймын, біз қарапайым адамнан, небәрі 21 жастағы баладан айырыламыз, — деді адвокат Назкен Құсайынова.
Ол соттан Болат Нұрасылды бас бостандығынан айырмауды өтінді. Сотталушының өзі сотта «өкінгенін» айтты.
Бұған дейін сот талқылауы барысында Медеу ауданының пробация қызметінің өкілі 21 жастағы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды бірнеше рет бұзғанын хабарлаған болатын. 2024 жылдың мамыр айында Нұрасыл Болат адвокат Олег Черновты және оның әйелі Аннаны ұрғаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған. Нұрасыл Болат Алматының пробация қызметінде есепте тұр. Бұл сотталған адам түнде ешқайда шықпау керек дегенді білдіреді.