Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева күйеуімен ресми түрде ажырасқан. Бұл туралы Nege.Aqsha арнасы жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Арна дерегінше, экс-президенттің кенже қызы күйеуі Димаш Досановпен соттасқаны туралы ақпарат пайда болған. Досанов Қаңтар оқиғасына дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры қызметін атқарған еді.
«Ерлі-зайыпты ажырасып, Досанов бұрынғы әйеліне кетті деген қауесет былтыр пайда болды. Дереккөздеріміздің мәліметтері бойынша ерлі-зайыпты ажырасуға және ортақ балалардың тұрғылықты жерін анықтауға өтініш берді. Сот шешімі 2024 жылғы қарашада заңды күшіне енді. БАҚ мәліметінше, Әлия Назарбаева үш рет тұрмыста болған», — деп жазылған арна ақпаратында.
Сұхбаттарының бірінде Әлия Назарбаева Досанов туралы былай деді:
«Тәрбиелі азамат екенінен бөлек, Димаш — білімді жан. Ол Америкада, Италияда оқыды. Бірнеше шет тілін біледі. Маған оның карьерасын ең төменнен, «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуден бастағаны ұнайды. Ешкімнің көмегінсіз департамент директоры лауазымына дейін көтерілді. Онымен бірге уақыт өткізген сондай жайлы әрі қызық. Мен оның отбасылық дәстүрлерді құрметтейтінін, әйелді құрметтейтінін, қарттарды құрметтейтінін қатты бағалаймын. Балаларға жақсы қарайды!»
Арны мәліметінше, олардың ортақ екі баласы бар.