Абай облысының Үржар ауданына енді SCAT әуе компаниясының ұшақтары күн сайын қатынайды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Бүгін Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» компаниясының 50 орындық «CRJ-200» ұшағы қонды. Бұған дейін тұрғындар бұл бағытта ескі «АН-24» ұшағын пайдаланып келген еді.
«Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша рейстер аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады.