Алматы облысының полициясы қашып кеткен күдіктіге іздеу салды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен.
«30.05.1998 жылы туған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз», — деп жазды ІІМ өкілдері.
Сонымен қатар, іздеуде жүрген адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден мына телефондар арқылы дереу полицияға хабарлауды сұрады: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102.