Ертең, 25 ақпанда Алматыда сирена қосылып, төтенше жағдай туралы хабарлау жүйесі тексеріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу-жаттығу аясында сиреналар таңғы сағат 11:00-де қысқа уақытқа іске қосылады. Сонымен қатар телеарналар мен радио толқындар арқылы арнайы хабарлама таратылады.
«Дабыл дауысы төтенше жағдай қаупі төнгенде немесе туындаған кезде халық назарын аударуға арналған «Баршаңыздың назарына!» сигналы. Тұрғындарды сабыр сақтап, дүрлікпеуге шақырамыз», – деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы тұрғындары сиренаны естіген кезде:
- теледидар немесе радионы қосып;
- ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеріп;
- берілген хабарламамен және көрсетілген нұсқаулармен мұқият танысуы керек.
Тексеріс «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында жүзеге асады. Сондай-ақ, 25-26 ақпан күндері Алматының бірнеше ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілмек.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

